ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Енгізілді: 02.11.2026Қаралғаны: 81 рет

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

 Қоғамдағы әділетсіздік пен заң бұзушылыққа қарсы тұру тек құзырлы органдардың ғана емес, ең алдымен жаңа буынның ішкі мәдениеті мен ұстанымына байланысты.   

Бүгінгі жастардың құқықтық сауаттылығы мен тазалығы елдің ертеңгі әділеттілік деңгейін айқындайды.

2026 жылғы 2 қарашада  Қызылорда «Болашақ» университетінде қоғамдағы ең күрделі әрі сезімтал саланың ащы шындығы мен терең мәселелерін талқылауға арналған салмақты кездесу өтті. Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілдері студенттермен бетпе-бет жүздесіп, заң үстемдігін орнату мен құқық қорғау саласындағы ішкі тәртіп төңірегінде күрделі сұхбат жүргізді.

Жиынның басты қонағы, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Анафина Дальмира Мейрамбекқызы бұл жүйеге келудің басты шарттарын ашық жеткізді. Ол құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасудың жай ғана мамандық таңдау емес, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты төзімділікті, психологиялық дайындық пен кәсіби адалдықты талап ететін қатаң сүзгі екенін атап өтті.

Студенттер кездесу барысында қоғам мен полиция арасындағы сенімді нығайту, заңсыздықтардың алдын алу және жүйе ішіндегі әділдікті қорғау туралы өздерін мазалаған ең өткір де ауыр сұрақтарын қойды. Дальмира Мейрамбекқызы әрбір сұраққа нақты тоқталып, жас мамандардың алдында тұрған үлкен жауапкершіліктің салмағын түсіндірді.

Болашақ заңгерлер мен әрбір студент заң мен тәртіптің, қоғамдық әділдіктің ең алдымен өздерінің азаматтық ұстанымынан басталатынын терең ұғынды.      

Бұл жүздесу қатысушыларға үлкен ой салып, құқықтық мемлекет құру жолындағы кәсіби міндеттерге мүлдем басқа тереңірек көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.