«ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ–2026» ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ

Енгізілді: 07.11.2026Қаралғаны: 25 рет

«ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ–2026» ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ

2026 жылғы 7 қарашада Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған «Қауіпсіз қадам–2026» жүгіру марафонына қатысты.
Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттап, қатысушылардың белсенділігін арттыруға,  бірлік пен командалық рухты нығайтуға ықпал етуге бағытталған.

Университет ұжымы мен білім алушылары марафонға белсене қатысып, спортқа деген қызығушылығын және қоғамдық бастамаларды қолдайтындығын көрсетті.

Осындай марафон жастарды денешынықтыру мен тұрақты айналысуға, уақытты тиімді өткізуге және белсенді өмір салтын ұстануға үндейді.
Мазмұнды спорттық шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне алғысымызды білдіреміз!
Салауатты ұлт – жарқын болашақтың негізі!