ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Енгізілді: 08.11.2026Қаралғаны: 23 рет
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2026 жылдың 8 қарашасы күні Қызылорда қаласында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында джиу-джитсудан облыстық біріншілік өтті.
Осы жарыста Қызылорда «Болашақ» университетінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтар болсақ, Түркіменбай Ақниет 85 кг салмақ дәрежесінде II орынды, Исабай Сұлтанбек 69 кг салмақ дәрежесінде III орынды иеленді.
Спортшыларды жарысқа дайындаған жоғары санатты жаттықтырушы – Төлеуов Аян Нұртайұлы.
Жеңімпаздарымыз бен Аян Нұртайұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз!
Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!
Қазақша
Русский
English














