ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Енгізілді: 11.11.2026Өзгертілді: 11.11.2026Қаралғаны: 14 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМАЛУШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Таеквондо WT спорт түрінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда «Болашақ» университеті «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша ФиС-24/3 оқу тобының білім алушысы Әділбекқызы Айша 62 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Айша өзінің жоғары спорттық шеберлігі мен жеңіске деген жігерінің арқасында ел біріншілігінде үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Осы айтулы жетістігінің нәтижесінде спортшымыз 2027 жылы өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы жолдаманы жеңіп алды.
Білім алушымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы халықаралық додада жеңіс тұғырына көтерілуіне тілектестік білдіреміз!
Біз сені мақтан тұтамыз, Айша!
Қазақша
Русский
English














