ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
Енгізілді: 11.11.2026Өзгертілді: 11.11.2026Қаралғаны: 5 рет
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
Қызылорда «Болашақ» университеті мен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл маңызды құжат тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Меморандум аясында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында білім алушыларға арналған құқықтық түсіндіру дәрісі ұйымдастырылды.
Шараға Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Е.К. Казигулов және департаменттің тергеп-тексеру бөлімінің бас мамандары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – білім алушылардың құқықтық білімін кеңейту, заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық жауапкершілік пен заң талаптарын сақтау жөнінде түсініктерін тереңдету.
Жүздесу барысында заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы кеңінен әңгімеленді.
Заңды құрметтеу – қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың басты кепілі.
Осындай мазмұнды кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін арттыруға зор үлес қосады.
Қазақша
Русский
English














