БОЛАШАҚҚА БІРГЕ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БАҒЫТЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК
Енгізілді: 09.11.2026Қаралғаны: 5 рет
БОЛАШАҚҚА БІРГЕ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БАҒЫТЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК
Үстіміздегі жылдың 9 қарашасында Қызылорда «Болашақ» университеті, С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ-мектеп-лицейі және №176 орта мектеп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп пен университет арасындағы білім беру сабақтастығын нығайту, дарынды оқушыларды жасанды интеллект және STEM бағыттарына тарту, бірлескен жобалар мен ғылыми бастамаларды дамыту.
Шараға білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер мен оқушылар қатысты. Кездесуде тараптар аталған бағыттарда бірлескен жұмыстар жүргізу мәселелерін талқылады.
Бас қосу барысында қонақтар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, мұражай, кітапхана, спорт кешені мен жатақханаларды аралады. «Қолданбалы жасанды интеллект» зертханасында заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін тамашалап, практикалық демонстрацияларға қатысты.
Ынтымақтастық туралы меморандумға университет ректоры Г.Ж.Снасаповамен серіктес мектептердің басшылары қол қойды.
Жаңа серіктестік білім алушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға, цифрлық құзыреттілігін жетілдіруге, педагогтер арасында тәжірибе алмасуға және мектеп оқушыларын болашақ мамандыққа саналы бағыттауға мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдарының өзара ықпалдастығы – жас ұрпақтың болашағына жасалған маңызды инвестиция!
Қазақша
Русский
English














