ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ

Енгізілді: 12.11.2026Қаралғаны: 8 рет

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ

 

Ұлттық теңге күніне орай Қызылорда «Болашақ» университеті «Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚР қолма-қол ақша айналымы: «Сақ стилі» банкноттарының жаңа сериясы және қаржылық сауаттылық» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Шараға ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда облысы филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы А.К. Әлібекова қатысып, жиналған қауымға еліміздегі қолма-қолақша айналымының ерекшеліктері, ұлттық валютаның экономикадағы маңызы, «Сақ стилі» банкноттарының жаңа сериясы жайлы ақпарат берді. 

Жаңа банкноттардың дизайны, ұлттық нақыштары мен қорғаныш элементтері де назарға ұсынылды.

Сондай-ақ Ұлттық Банк филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары И. Жанысқызы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мақсаты мен міндеттері, ақша-кредит саясаты және қаржылық сауаттылық» тақырыбында дәріс оқыды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңес алды.

Өткізілген дәріс білімалушылардың ұлттық валюта туралытанымын кеңейтіп, қаржылық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.