JAS FEST – 2026: ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ
Енгізілді: 11.11.2026Қаралғаны: 90 рет
JAS FEST – 2026: ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ
Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған Jas Fest – 2026 шығармашылық байқауында Қызылорда «Болашақ» университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті.
«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша МузО-25-1 оқу тобының білім алушысы Серік Бекзат жүлделі ІІ орынға ие болды.
«Эстрадалық ән» номинациясы бойынша ГМУ-26-1 оқу тобының білім алушысы Мухамедқызы Рашида І орынды, Жанаштай Жанар Музо 26-/1 тобының білім алушысы ІІ орынды иеленді.
Жас өнерпаздарды байқауға «Жаратылыстану және өнер» кафедрасының аға оқытушылары О.А. Абдибекова мен Ш.А.Алматова дайындады.
Студенттеріміз бен олардың жетекшілерін жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, биік белестер және толағай табыстар тілейміз!
Өнерлі жастарымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!
Қазақша
Русский
English














