«КЕРБЕЗ» БИ АНСАМБЛІ JAS FEST-2026 ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Енгізілді: 12.11.2026Қаралғаны: 73 рет
«КЕРБЕЗ» БИ АНСАМБЛІ JAS FEST-2026
ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған Jas Fest-2026 шығармашылық байқауында Қызылорда «Болашақ» университетінің «Кербез» би ансамблі жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Ансамбль «Заманауи би» номинациясында ІІ орынды, «Ұлттық би» номинациясында ІІІ орынды иеленді.
«Кербез» би ансамблінің көркемдік жетекшісі – Жеңісбекова Ақмарал Әубәкірқызы.
Бишілеріміз сахна төрінде жоғары орындаушылық шеберлік пен үйлесімділікті көрсетіп, ұлттық және заманауи би өнерін көрермен назарына ұсынды.
Жас өнерпаздарымыз бен олардың жетекшісін жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
«Кербез» би ансамблінің өнері өрге жүзіп, мерейі әрдайым үстем болсын!
Қазақша
Русский
English














