САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Енгізілді: 18.11.2026Қаралғаны: 710 рет
САНАЛЫҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
2026 жылғы 18 қараша күні Қызылорда «Болашақ» университетінде студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті.
Шараға арнайы шақырылған Облыстық Жастар денсаулығы орталығының бас маманы Алмурзаева Гулдана Айтмаганбетқызы білім алушылармен ашық сұхбат жүргізіп, қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелерге, атап айтқанда, нашақорлық пен синтетикалық есірткілердің жас ағзаға, психикалық денсаулыққа тигізетін орны толмас зардаптары мен заң алдындағы жауапкершілікке, электронды темекі (вейп) өнімдерінің жастар арасында кең тараған «қауіпсіз» деген жалған түсініктің шын мәнінде тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйелеріне төндіретін нақты қаупіне тоқталды.
Кездесу барысында маман нақты мысалдар мен медициналық деректер келтіріп, студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Жастар тақырып аясында белсенділік танытып, ой бөлісті.
Дені сау, санасы сергек ұрпақ – еліміздің басты байлығы.
Өз болашағыңа бей жай қарама, дұрыс таңдау жаса!
Қазақша
Русский
English














