ЖАҢА ДӘУІР ЖАСТАРЫ: БІЛІМ, ЖАСАМПАЗДЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК

Енгізілді: 17.11.2026Қаралғаны: 747 рет

ЖАҢА ДӘУІР ЖАСТАРЫ: БІЛІМ, ЖАСАМПАЗДЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

17 қараша – Халықаралық студенттер күнінде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды.

Шараға Қызылорда «Болашақ» университетінің білім алушылары да қатысты. Кездесу барысында облыс әкімі университет білім алушыларының жасанды интеллект негізінде жасалған бағдарламаларымен және ғылыми жетістіктерімен танысты.

Мұрат Нәлқожаұлы студенттік шақ арманды айқындайтын, қабілетті танытатын, өмірлік бағытты таңдайтын уақыт екенін атап өтіп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы жас ұрпақтың рөліне тоқталды. «Сіздердің алдарыңызда бүкіл әлем ашық. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтудеміз. Сіздер – Тәуелсіз Қазақстанның төл перзентісіздер, Тәуелсіздікпен бірге өстіңіздер. Еліміздің басты капиталы – адам, білімді ұрпақ, ғылым мен технология, еңбек өнімділігі және жаңашылдық», -деді ол.

Университеттің Студенттік үкімет төрағасы, ВТиПО-25-1 оқу тобының  білімалушысы Аякенов Дарын Алтынбекұлы, «Педагогика және білім беру» жоғары мектебінің студенттік деканы, АП-25 оқу тобының білім алушысы Бақытбекова Эльнара Маратқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.