ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА
Енгізілді: 19.11.2026Қаралғаны: 3 рет
ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА
2026 жылғы 19 қараша күні Қызылорда «Болашақ» университетінде облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен жасөспірім қыздарға арналған ашық диалог болып өтті.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің медициналық және құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке шекарасын қорғау, жыныстық сипаттағы қысым мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Шарада ерте жыныстық қатынас пен ерте жүктіліктің салдары да түсіндіріліп, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Ашық диалог барысында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер алды. Қыз балаларға өз құқықтарын білу, жеке шекарасын құрметтеу, күмәнді жағдайларда сенімді ересектер мен тиісті мамандардан көмек сұрау қажеттілігі айтылды.
Осындай мазмұнды кездесулер жас өспірімдердің жауапты шешім қабылдауына, өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етеді.
Қазақша
Русский
English














