ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГИБРИДТІ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
Енгізілді: 23.11.2026Қаралғаны: 324 рет
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГИБРИДТІ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
2026 жылғы 23 қарашада Қызылорда «Болашақ» университетінде «Балабақша мен бастауыш мектептегі білім сабақтастығы: жасанды интеллект, инклюзивті орта және заманауи педагогикалық тәжірибе» тақырыбында халықаралық гибридті ғылыми семинар болып өтті.
Семинарға отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері қатысты. Халықаралық іс-шараның құрметті қонағы Венгрияның Дебрецен университетінің мектепке дейінгі білім беру саласының қауымдастырылған профессоры Aniko Varga Nagy (Associate Professor of Early Childhood, University of Debrecen, Hungary) онлайн формата баяндама жасап, өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Шара барысында:
-мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық;
-білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану;
-инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру;
-балалардың психологиялық, тілдік және танымдық дамуы;
-заманауи педагогикалық тәжірибелерді оқу үдерісіне енгізу мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір бөлісті және баяндамашыларға сұрақтар қойды. Халықаралық семинар мазмұнды баяндамалар мен кәсіби сұхбатқа негізделген нәтижелі алаңға айналды.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан әріптестерімізге, баяндамашылар мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Қазақша
Русский
English














