УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ АЛУШЫСЫ – ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
Енгізілді: 25.11.2026Қаралғаны: 251 рет
УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ АЛУШЫСЫ – ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
2026 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері Закира Ержанованың 100 жылдық мерейтойына орай «Тарихтан тағылым – тұлғадан тағзым» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Рухани-мәдени шараның басты мақсаты – ел тәуелсіздігінің құндылығын дәріптеу, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірі мен ерен еңбегін насихаттау, ұлттық руханиятты дамыту және жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету.
Облыстық жыр додасында Қызылорда «Болашақ» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының білім алушысы Мустахимов Диас Мустахимұлы ақындық шеберлігімен, көркем сөз өрнегімен дараланып, І орынды иеленді.
Бұл жеңіс – жас ақынның шығармашылық ізденісінің, табиғи талантының және сөз өнеріне деген сүйіспеншілігінің жарқын жемісі, сондай-ақ университетіміздің үлкен мақтанышы.
Диас Мустахимұлын айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, қаламына қуат, әдебиет әлемінде биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Қазақша
Русский
English














