ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Енгізілді: 26.11.2026Қаралғаны: 202 рет
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жамбыл жыры – ұлт рухының жаршысы» атты халықаралық студенттер айтысы өтті.
Дүбірлі жыр додасына Қазақстанның бірнеше өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Қытайдан келген жас ақындар қатысып, суырыпсалмалық шеберліктерін ортаға салды.
Халықаралық айтыста Қызылорда «Болашақ» университеті «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Серік Бекзат Толыбайұлы жоғары өнер көрсетіп, Қонысбай Әбілов атындағы арнайы жүлденің және 100 мың теңге көлеміндегі сыйақының иегері атанды.
Бұл жетістік – білім алушымыздың ақындық талантының, тапқырлығы мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
Серік Бекзат Толыбайұлын мерейлі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыты тасып, ұлттық өнерімізді дәріптеу жолында жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
Жеңісің құтты болсын, Бекзат!
Қазақша
Русский
English














