«ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА: ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ЖАТАҚХАНА» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Енгізілді: 25.11.2026Қаралғаны: 176 рет

«ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА: ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ЖАТАҚХАНА» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

 

2026 жылғы 25 қарашада Қызылорда «Болашақ» университеті Инжиниринг және логистика кафедрасының ұйымдастыруымен №2 Студенттер үйінде «Тәртіпті өзіңнен баста: қауіпсіз және мәдениетті жатақхана» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.

Шара барысында студенттер жатақханадағы тәртіп, тазалық, қауіпсіздік және өзара сыйластық мәселелерін талқылап, танымдық ойындар мен көріністерге қатысты.

Басты мақсат – студенттердің жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз әрі мәдениетті орта қалыптастыру.

Тәртіпті өзгеден талап етпес бұрын, өзімізден бастайық!