ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ – ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Енгізілді: 26.11.2026Өзгертілді: 26.11.2026Қаралғаны: 10 рет
ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ – ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
2026 жылғы 26 қарашада Қызылордада облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Ғылым, технология және инновациялар: экологиялық қауіпсіздік және климаттық тұрақтылық» тақырыбында хакатон өтті.
Инновациялық идеялар мен ғылыми жобалар сынға түскен хакатонның қорытындысы бойынша Қызылорда «Болашақ» университетінің өкілдері жүлделі орындарға ие болды.
II орын:
- М.Ә. Ембергенов, Әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
- М.Б. Мұстаяпов, «Инжиниринг және логистика» кафедрасының аға оқытушысы;
III орын:
- Н.Б. Мұханов, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент;
- А. Мұхамедалиева, «Математика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.
Хакатон қатысушыларға экологиялық қауіпсіздік пен климаттық тұрақтылық мәселелеріне арналған ғылыми-технологиялық шешімдерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және жаңа бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді.
Жүлдегерлерімізді құттықтап, ғылыми және инновациялық қызметтеріне толағай табыс тілейміз!
Қазақша
Русский
English














