Қызылорда «Болашақ» университеті Филология, журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күні» мемлекеттік мерекесі аясында тіл апталығы басталды.

Енгізілді: 10.09.2022Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2502 рет

Қызылорда «Болашақ» университеті Филология, журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күні» мемлекеттік мерекесі аясында тіл апталығы басталды.

Апта бойында студенттерді тілді құрметтеуге, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға, тіл мәдениетін игеруге баулитын шаралар өткізіледі. Онда тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың тіл тұжырымдары туралы, қазақ тілінің маңызы жайлы, көпұлтты еліміздің бейбіт қатар өмір сүріп отырған өзге ұлт пен ұлыстардың тілін құрметтеу туралы, түркі тілінің темірқазығы – қазақ тілінің ерекшеліктері мен мәртебесін айшықтайтын тақырыптар қамтылады.

Апталықтың 5 қыркүйек алғашқы күні университеттің 1-курс студенттерінен   тілдің  маңызы, ана тіліміздің тілдік ерекшеліктері туралы диктант алынады.

6 қыркүйек  Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасының тілді үйрену квест-алаңында студент жастар «Сирек кезедесетін кітаптар» қорымен танысады.

6 қыркүйек бұл күні университеттің 1-курс студеттері  «Тіл – ел байлығы» тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарма жазады.

7 қыркүйек «Ахмет Байтұрсынұлы және мәңгілік ел мұраты» тақырыбы аясында  университет ғалымдары мен студенттерінің дөңгелек үстел басында кездесуі өтеді. Ахмет Байтұрсынұлының ел мен қазақ мүддесі жолындағы қызметі жайлы зертттеулер мен пікірлер ортаға салынып, сұрақ-жауап форматындағы ашық әңгіме болады.

7 қыркүйек  «Тілге құрмет – елге құрмет» атты студенттерге арналған тәрбие сағаты өтеді.

8 қыркүйек «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің атасы, латын әлібиінің негізін қалаушы» тақырыбы бойынша ғылыми-танымдық шара өткізіледі.

8 қыркүйек күні апталық өз жұмысын тіл мамандарының қатысуымен өтетін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты танымдық кешпен қорытындылайды.