KITAP FEST-2023
Енгізілді: 21.09.2023Өзгертілді: 25.09.2023Қаралғаны: 9162 рет
KITAP FEST-2023
Қызылорда облысының 85, аймақтың бас шаһарының 205 жылдығы аясында ұйымдастырылған «KITAP FEST-2023» көрмесіне Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы да өз үлесін қосты.
Қаламгерлер аллеясында ұйымдастырылған кітап көрмесінде университет ұжымы өңірдің тарихынан сыр шертетін және отандық, әлемдік классик жазушылар мен ақындардың шығармалары мен ғылыми-танымдық бағыттағы оқулықтарды ұсынды.
Ерекше форматта ұйымдастырылған университеттің кітап көрмесіне облыстағы зиялы қауым өкілдерінің назары түсіп, қалалық маслихаттың төрағасы бастап, ақын-жазушылар, БАҚ саласының ардагерлері қоштаған топқа арнайы әкелінген кітаптар таныстырылды.