Жетістіктер алаңы

Енгізілді: 16.05.2024Өзгертілді: 24.05.2024Қаралғаны: 3099 рет

  2024 жылдың 16 мамыры күні сағат 10.00-де сол жағалауда орналасқан «Болашақ» университетінің ғимаратында жұмыссыз азаматтарға халық үніне құлақ асатын ашық мемлекетті қалыптастыру жолында әлеуметтік сала, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау бағытында азаматтарға берілетін ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және жұмыс іздеушілердің жұмыс берушілермен еркін түрде  сұхбаттасып, жүздесулеріне ықпал жасау мақсатында «Жетістіктер алаңы» шарасы ұйымдастырылды.

    Аталған шара шеңберінде Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстары мен жергілікті жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және мемлекеттік қайтарымсыз грант пен шағын несие алғандардың «Қызылордада жасалған» дайын өнімдер жәрмеңкесі, әртүрлі қоғамдық және қаржылық институттардың қатысуымен кеңес беру бұрышы жұмыс жасады.

    Бүгінгі жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасарлары,  облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық прокуратура өкілі, облыстық басқарма мен қоғамдық бірлестіктер ұйымдарының өкілдері, жергілікті жұмыс берушілер мен Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегация мүшелері және өңіріміздің тұрғындары, оқу орындарының түлектері қатысты. «Қызылордада жасалған» дайын өнімдер жәрмеңкесіне мемлекеттік қайтарымсыз грант, жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, кәсіптерін ашқан, облысымызда кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып жүрген 80 кәсіпкер өз өнімдерін көрсетті.

     Ағымдағы жылға Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарына ерікті түрде қоныс аудару бағытында 1595 отбасының 6100 мүшесіне квота белгіленген. Жәрмеңкеде жоғарыда аталған облыстардан 3500-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Шараға Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов қатысып, бос жұмыс орынын ұсынушылар мен қонақтарға ризашылығын білдірді.