«Болашақ» университетінің 2 білім алушысы «Білімнің жұлдызы» шәкіртақасының иегері атанды

Енгізілді: 31.05.2024Өзгертілді: 03.06.2024Қаралғаны: 2992 рет

       «Білімнің жұлдызы» шәкіртақасы «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдан бері білімді, талантты жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылуда.

       Шәкіртақы тағайындаудың мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

       «Білімнің жұлдызы-2024» байқауына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан шәкіртақы алуға ниетті 987 студенттен өтінім келіп түскен.

       Биылғы байқау колледж және ЖОО-ның тек ақылы бөлімінде оқитын студенттеріне арналды. Ең үздік 200 студент 100.000 теңге көлеміндегі бір реттік шәкіртақыға ие болады.

       Жеңімпаздарды анықтауда студенттердің оқу үлгерімі, әлеуметтік жағдайлары және байқау аясында өткен бірыңғай тест көрсеткіштері ескерілді.

       Қазақстан бойынша  200 студентке тағайындалуға жарияланған «Білімнің жұлдызы» байқауының талабына сай болып,  университетіміздің «Математика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 1 курс, Мат-23 оқу тобының студенті  Маулен Алуа мен «Педагогика және өнер»  кафедрасының 2 курс, ПМНО-22-1 оқу тобының студенті Ысқақ Нұрғалия шәкіртақы ұтып алды.

     

      ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ АТЫНАН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!