Өңірімізге ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлы келіп, жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен және облыс тұрғындарымен кездесу өткізді.

Енгізілді: 19.09.2024Қаралғаны: 60 рет

Өңірімізге ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлы келіп, жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен және облыс тұрғындарымен кездесу өткізді.

      Ана тілдің қаймағын қалқыған өңір жұртшылығы  вице-министдің қазақшасының жүйріктігіне тәнті болды. Дархан Жұмаханұлы қазіргі жоғарғы білім берудің заманауи талаптарынан бастап, құрал-жабдық зертханалары көбейетінін, шетелдік серіктестер жұмысы әрі қарай жанданатынын, университеттік ғылым мен ғылыми мектеп жобалары дамитынын, өңірлік ғылым бағыты бойынша кеңес құрылып, ғылымға миллиардтаған қаржы бөлінетінін, іргелі ғылымға, қолданбалы ғылымға, коммерциялық ғылымға назар аударылатынын тәптіштей келе, осы нығметтердің барлығы «Ғылым мен технологиялық саясат» Заңы аясында жүргізілетінін тілге тиек етті.

      Сонымен қатар, ғылыми атақ-дәрежеге байланысты үстеме ақы төлеу, ғылым қоры статусын кеңейту, ғылымға төленетін салыққа шегерім беру, ғылымға негізделген инновацияны қолдап, қаржыландыру, шетелдік ірі компаниялар жұмыстарын өзіміздің ғалымдармен бір үстелде талқылау, нәтижеге жұмыс жасау және қазақ тілі бағытында: ұлттық тіл моделін әзірлеу жайлы министрліктің алға қойған жоспары алқаға жиналған жұрттың көңіл сарайын кеңейтті. Кейбір жиналыстан шаршап шығатын халықтың бұл жолы көңілдері көтеріңкі шықты.