ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ – ЕРТЕҢГІ «БОЛАШАҚ» СТУДЕНТ
Енгізілді: 25.02.2025Қаралғаны: 16098 рет
ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ – ЕРТЕҢГІ «БОЛАШАҚ» СТУДЕНТ
Заман талабына сай ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісінде өзіндік келбеті қалыптасқан Қызылорда «Болашақ» университетінің 2025-2026 оқу жылына студенттер қатарын толықтыру мақсатында кәсіби бағдар беру жөніндегі жұмыстары Сырдария ауданының Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы №44 орта мектепте жалғасты.
Университеттің «Жастар және тәрбие жұмысы» бөлімінің басшысы Е.А. Жұматаев ұстаздар мен оқушыларды заманауи бағытта дамып келе жатқан «Болашақ» университетінің әлеуеті мен материалдық-техникалық мүмкіндіктері жайлы хабардар етіп, оқушыларды әсем ғимаратта орналасқан жастардың ордасы, аймағымыздағы ең танымал оқу орынын таңдауға шақырды.
Шараға қатысқан оқушылар жоғары оқу орны жайлы мәліметтерге толық қанық болды.
Оқушылар мен мұғалімдер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, қойылған сауалдарға тұшымды жауап берілді.
Кездесу соңында Е.А. Жұматаев оқушыларға сәттілік тілеп, оқу орнының материалдық базасымен танысу мақсатында оларды университетке шақырды.