«ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР: БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ, ФИЗИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША VR КӨЗІЛДІРІКПЕН ДЕМОНСТРАЦИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 20.02.2025Қаралғаны: 15579 рет

«ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР: БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ, ФИЗИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША VR КӨЗІЛДІРІКПЕН ДЕМОНСТРАЦИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

 

     2025 жылдың 20 ақпанында Қызылорда «Болашақ» университетінде Big Dream Lab компаниясының менеджері Керімбаева Диана Серікқызының ұйымдастыруымен «Виртуалды зертханалық жұмыстар: биология, химия, физика пәндері бойынша VR көзілдірікпен демонстрация» тақырыбында семинар өткізілді. Виртуалды зертханаларды қолданудың жаңа тәсілдері сөз болып, білім беру процесіндегі VR технологиясының маңыздылығы тәжірибеде көрсетілді. Аталған әдістің білім алушыларға қымбат жабдықсыз-ақ күрделі тәжірибелерді қауіпсіз және нақты орындауға мүмкіндік беретіні сөз болды.

Семинар барысында  VR көмегімен зертханалық жұмыстарды қалай жүргізуге болатыны нақтыланып, интерактивті оқытудың жаңа әдістері таныстырылды, студенттердің білімін жетілдірудің инновациялық жолдары талқыланды.

Семинарға «Математика және ақпараттық технологиялар», «Жаратылыстану және спорт», «Инжиниринг және логистика» кафедраларының профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

VR технологиясын қолданып, зертханалық жұмыстарды жаңа форматта орындау мүмкіндігі семинарға қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Осындай инновациялық шешімдер оқу процесін қызықты етуге көмектеседі.

Big Dream Lab компаниясының менеджері Керімбаева Диана Серікқызына кәсіби ұйымдастырылған семинар үшін алғысымызды білдіреміз. Білім беру саласындағы осындай заманауи шешімдер бізді жаңа белестерге жетелейді.