«АЛТЫН ОРДА – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ БАБАСЫ» АТТЫ ТАРИХИ КЕШ
Енгізілді: 27.02.2025Қаралғаны: 15355 рет
«АЛТЫН ОРДА – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ БАБАСЫ»
АТТЫ ТАРИХИ КЕШ
2025 жыл Алтын Орданың құрылғанына-755 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына-560 жылдығы атап өтілуде. Қазақ хандығының орнауы мен қазақ мемлекеттілігінің құрылуы маңыздылығы бойынша ұлт тарихының ең негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады.
26.02.2025 жылы «Болашақ» университетінің Б.М.Сапарбаев атындағы атриум залында орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана, «Болашақ» жоғары колледжі және «Болашақ» жоғары медициналық колледждері бірлесе отырып «Алтын Орда – қазақ хандығының бабасы» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
Осынау тарихи белестердің берері зор, танымы мол тарихи кезеңге көзжүгірту ғана емес, жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді ұялату, өткеннен тағылым алу болып табылады.
Кешті «Болашақ» университеті жоғары колледж директоры - Енсепов Асқар Әлиұлы ашып сөз сөйледі. Кеш қонақтары Жұмаділдаев Мәулен Мұратбекұлы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Тарих және археология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, тарих магистрі Сайлау Асхат Қожакелдіұлы-Облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми хатшысы. ҚР-ның мәдениет саласының үздігі. Ақмарал Қадірханқызы – Қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері.