ШЕТЕЛДІК СЕРІКТЕСПЕН ҚОСДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМА ДАЙЫНДАУҒА КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Енгізілді: 01.03.2025Өзгертілді: 18.03.2025Қаралғаны: 14735 рет
ШЕТЕЛДІК СЕРІКТЕСПЕН ҚОСДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМА ДАЙЫНДАУҒА КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Үмбетұлы Үмбетов үстіміздегі жылдың 23-28 ақпаны аралығында жұмыс сапарымен Санкт-Петербургтегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университетте болып, бірқатар әріптестік келісімдерге қол қойды.
Еліміздің жоғары білімнің халықаралық кеңістігіне интеграциялануының басым бағыттарының бірі қосдипломды білім беру екені дау тудырмаса керек. Сондықтан екі жақты меморандумның негізінде шетелдік серіктестің пәндері қазақстандық білім беру стандартының пәндерімен үйлестіріліп, магистратура бөлімінің Экономика, Құқықтану БББ бойынша қосдипломды бағдарлама дайындауға келісім жасалды.