РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛЫП ӨТТІ

Енгізілді: 28.02.2025Қаралғаны: 14693 рет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК

КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛЫП ӨТТІ

 

Ағымдағы жылдың 27-28 ақпаны күндері Қызылорда «Болашақ» университетінде «Әділетті Қазақстан: ғылым мен білімнің жаңа бағдарлары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференция жұмысына еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің професор-оқытушылары қатысты.

Конференцияға қатысушыларды университет Құрылтайшысы, э.ғ.д., профессор Б.С. Досманбетов құттықтап, жемісті жұмыс, сындарлы диалог және тиімді өзара іс-қимыл тіледі.

Білім берудің, ғылымның және өндірістің әртүрлі деңгейлері мен ұйымдық нысандарын біріктіру процесі – бұл біртіндеп әлемнің барлық елдерін, соның ішінде Қазақстанды қамтитын үдеріс. Соңғы жылдары ғылым  мен білім беру әлеуетін біріктіре алатын модель құру туралы көп айтылып жүргені кездейсоқ емес. Жоғары білікті мамандарды даярлау тек оқу орнының міндеті емес, өндіріспен тығыз байланыста қарастырылатын бүкіл білім беру жүйесінің міндеті екенін түсіну маңызды. Сондықтан бұл конференция ғылым мен білімді интеграциялау негізінде бәсекеге қабілетті жаңа формациядағы мамандарды даярлаудың тиімді жолдарын қарастыруға арналды.