ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
Енгізілді: 26.03.2025Қаралғаны: 1140 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ НАУРЫЗ
МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
Мерекеге экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының, Халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі, Қызылорда «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы Б.С. Досманбетов қатысып, профессор-оқытушылар құрамын, білім алушыларды, барлық қазақстандықтарды ұлтымыздың ұлық мейрамы Наурызбен құттықтады.
30 жылдық тарихы бар «Болашақ» университеті – Сыр өңірін қажетті кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп отырған іргелі оқу орны. Университетте бес мыңға жуық жас білім алуда. Жоғары оқу орны өзінің материалдық-техникалық базасын жылдан-жылға нығайтып, бәсекеге қабілетті, жаңа формациядағы мамандар даярлап шығаруға өз үлесін қосуда.
Наурыз – көктемнің, жаңарудың, татулық пен берекенің мейрамы. Сондықтан әрбір адамның көкейінде жылдың басы жаңалық пен жақсылықтың жаршысы болып, елімізді жаңа белестерге бастай берсін деген тілек тұрғаны анық.
Шара өнерлі жастардың ән-күйіне, мың бұралған биіне және дәстүрлі ойын түрлеріне ұласты.