ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛҒАН СТУДЕНТ

Енгізілді: 18.04.2025Қаралғаны: 30 рет

ЕЛ  ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛҒАН СТУДЕНТ

 

18 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Ақтау қаласындағы  іс сапары аясында Мемлекет басшысы қызметтік борышын орындау кезінде ерекше батылдық танытқан әскери қызметшілерді құрметтеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысқан болатын. Сол шарада Қ. Тоқаевтың қолынан Қызылорда «Болашақ» университетінің білім алушысы Темирхан Асылхан «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін алды. Ол қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде батылдық, табандылық және кәсібилік танытқаны үшін осы наградаға ие болды.

Марапатты өз қолынан тапсыра отырып, Президент мұндай әскери қызметшілердің Отанға деген адалдығы мен батылдығы жауынгерлік рухты нығайтатынын және үлгі болатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы  Қазақстан армиясы ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болып қала беретініне сенім білдірді.

Асылханды Университет атынан шын жүректен құттықтаймыз!