«Ғылым мен білімдегі инновациялар: педагогика мен психологиядағы жаңа трендтер»

Енгізілді: 10.04.2025Қаралғаны: 882 рет

«Ғылым мен білімдегі инновациялар: педагогика мен психологиядағы жаңа трендтер»

10 сәуірде Қызылорда «Болашақ» университетінде «Ғылым мен білімдегі инновациялар: жаһандық перспективалар және жергілікті шешімдер» атты халықаралық конференция өтті.

«Педагогикалық және психологиялық ғылымдар» секциясында 48 мақала ұсынылып, өзекті мәселелер мен тың зерттеулер талқыланды. Атап айтқанда, экологиялық тәрбие, ұлттық құндылықтар арқылы шығармашылықты дамыту, студенттердің бойында кездесетін прокрастинация белгілері, педагог кадрлардың кәсіби дамуы және аутизмі бар балалардың эмоционалдық дамуы тақырыптары көтерілді. Бұл шара ғылым мен білім саласындағы тәжірибе алмасуға және инновациялық шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді. Конференция қоғамның әлеуметтік дамуына оң ықпал ететін ғылыми идеяларды алға тартты.