Жаһандық ой, жергілікті шешім: Қызылорда «Болашақ» университетіндегі ғылыми пікірталас алаңы

Енгізілді: 10.04.2025Қаралғаны: 870 рет

Жаһандық ой, жергілікті шешім: Қызылорда «Болашақ»

университетіндегі  ғылыми пікірталас алаңы

 

Қызылорда «Болашақ» университетінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға жаңа серпін берді. «Ғылым мен білімдегі инновациялар: жаһандық перспективалар және жергілікті шешімдер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» секциясында оқытудың инновациялық технологиялары, тіл білімінің жаңа бағыттары, кітапхана ісі, тарих, аударма мәселелері  жан-жақты қарастырылды. Шетелдік және отандық ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар тың ұсыныстар жасады. Конференция аясында білім мен ғылымды ұштастырудың тиімді жолдары ұсынылып, болашақтағы ғылыми ынтымақтастықтың жаңа бағыттары белгіленді. Іс-шара ғылымға және ғылыми қызметкер еңбегіне деген құрметтің жарқын үлгісіне айналды.