ТАЛСУАТ АУЫЛЫНДА ЖАСТАРМЕН МАМАНДЫҚ ЖАЙЛЫ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Енгізілді: 04.04.2025Қаралғаны: 790 рет

ТАЛСУАТ АУЫЛЫНДА ЖАСТАРМЕН МАМАНДЫҚ ЖАЙЛЫ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында  Қызылорда қаласына қарасты  Талсуат ауылдық округінде орналасқан №178 орта мектептің бітіруші талапкерлерімен «Мамандық таңдау– болашақ таңдау» атты  кездесу шарасы болып өтті. Шараға Қызылорда «Болашақ» Университеті «Жастар және тәрбие жұмысы» бөлімінің басшысы Е. Жұматаев, Студенттік үкімет төрағасы А.Мәлік  қатысып, оқу орыны туралы, заманауи мамандықтар жайлы ақпарат берді.

Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, университет өкілдерінен ұтымды жауап ала білді. Кешке қатысқан жас түлектер мамандықтар  туралы көбірек мағлұмат алып, болашақта таңдайтын саласы туралы шешім қабылдауға, өз болашағын жұмыспен қамтамасыз етуге деген сенімдерін нығайтты.
          Шара соңында ЖОО қызметкерлері естелік суретке түсіп, жас талапкерлерді оқу ордасының базасымен танысу мақсатында университетке шақырды.