Ынтымақтастық – болашаққа қадам!
Енгізілді: 15.04.2025Қаралғаны: 735 рет
Ынтымақтастық – болашаққа қадам!
Бүгін Қызылорда «Болашақ» университеті «Арнайы педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қызылорда облысы білім басқармасына қарасты «№5 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің оқу-тәрбие жұмыстарымен, материалдық-техникалық базасымен танысты.
Екі мекеме қызметкерлері өзара ынтымақтастықтың негізінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, болашақта бірлесіп жүргізілетін жобалар мен іс-шараларды талқылады.
Университеттің белсенді студенттері мектеп-интернат ұстаздары мен оқушыларына өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды.
Іс-шара соңында Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө. Үмбетов мектеп-интернат ұжымына қаржылай сый жасап, алғыс хаттар табыстады.