ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ

Енгізілді: 19.04.2025Қаралғаны: 1070 рет

ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ

    

 Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Қызылорда «Болашақ» университетінде маңызды кездесу өтті!

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен, Қызылорда облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Болашақ университетінің ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік және цифрлық гигиена» тақырыбында мазмұнды іс-шара өткізілді.

Шараға Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, облыстық департамент басшылығы, университет Құрылтайшысы, э.ғ.д., профессор Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов, университет ректоры, т.ғ.д., профессор  Өмірбек Үмбетұлы Үмбетов, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

Кездесуде жастардың цифрлық сауаттылығы мен қаржылық қауіпсіздігін арттыру, интернеттегі алаяқтықтан сақтану жолдары, «Қарызсыз қоғам» жобасының мазмұны, сондай-ақ, биыл өтетін Ұлттық Олимпиада туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Жастар белсенділік танытып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар мен арнайы электронды сертификат иеленді. Іс-шара соңында флешмоб ұйымдастырылып, қатысушылар естелік суретке түсті.

 Біз – әділ қоғамды, қауіпсіз болашақты таңдаймыз!