Жауаптарды оқу
Сұрақ қоюшы: Нұрмаш
Сұрақ қойған уақыты: 07.02.2023 Сұрағы: Мен Нұрмаш Таңшолпан Сізден сұрайын дегенім, Білім алу туралы келісім-шартта келісілген оқу бағдарламасына өзгерістер енгізуге бола ма? |
|
Жауап берілген уақыты: 07.02.2023
Жауабы: Иә, болады. Білім алушы қабылданған жоғарғы оқу орнына келгеннен кейін, келісілген оқу бағдарламасын келесі себептермен өзгерте алады: уақытша келеңсіз жағдайларда, таңдалған курстың сәйкес келмеуі (деңгейі мен сипаттамасы) және т.б. Сондықтан, Келісімде оқу бағдарламасын өзгерту қарастырылған. Білім алушының таңдаған курсы мен оқу бағдарламасы жіберген және қабылдайтын жоғарғы оқу орнымен келісілгені (мақұлданғаны) өте маңызды. Бастапқы келісілген оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілген жағдайда, сол өзгерістер Келісім-шарттың сыртқы жағында көрсетіледі. Қабылдайтын және жіберген жоғарғы оқу орынның координаторы мен студент қайтадан Келісім-шартқа қол қояды. |
|
Сұрақ қоюшы: Сұлтанбек
Сұрақ қойған уақыты: 12.12.2022 Сұрағы: Сәлеметсіз бе, Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай нормативтік актілермен жұмыстар жүргізіледі? |
|
Жауап берілген уақыты: 14.12.2022
Жауабы: Қызылорда «Болашақ» университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты негізінде жұмыстар жүргізіледі. |
|
Сұрақ қоюшы: Ақбота
Сұрақ қойған уақыты: 27.04.2021 Сұрағы: Сәлеметсіз бе! Мен қандай мамандықтар бойынша магистратура бар екенін білгім келеді! Алдын ала рахмет! |
|
Жауап берілген уақыты: 29.04.2021
Жауабы: https://bolashak-edu.kz/ сайтында «Талапкер» бөлімінің «Магистратура» бөлімшесінде мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының тізімі берілген. Қосымша кеңес алу үшін қабылдау бөліміне хабарласыңыз. |
|