Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5135 болып енгізілді.
Қолданушылардың назарына!!! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
- Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
- "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте N 2477 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылғы, N 31-36, 870-құжатпен, Заң газетінде 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 (894-895) сандарында жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 3633 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы шілдеде, N 31-36, 870- құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 543 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3795 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қазанда, N 19, 163-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 6 ақпандағы N 58 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 4093 тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (1022-023) сандарында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген |
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 16.03.2017 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- 1. Жалпы ережелер
- Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.
Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
2) білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын уәкілетті органның ресми растауы.
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін адамдарға көрсетіледі.
- Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші бар білім туралы құжаттарды тану және баламалылығын анықтау мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (бұдан әрі - өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар), "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) және осы Қағидаларға сәйкес реттеледі.
- "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.04.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді Орталық қабылдайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхаты негізінде алушының мүддесін білдіретін адамның өтініші бойынша жүзеге асырылады.
1 - тарау. Білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау тәртібі 1 - параграф. Бiлiм туралы құжаттарды тану тәртiбi
- Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.
3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).
Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;
4) төлем туралы түбіртек.
Қағидалардың 12-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсаты, практикалық тәжірибесі туралы құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Өтiнiштер халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі базасында (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) тiркеледi.
- Заңдастырылған немесе апостелденген білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немес апостелденбеген болса мұндай өтінішті қарау мерзімі білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректердің және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барының расталуын алу уақытын ескере отырып 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Мерзім Орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін жеткізу уақытын есептемей осы Қағиданың 7 тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған уақыттан бастап есептеледі.
Егерде білім туралы құжаттың берілу деректерін және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барын растау туралы алғашқы сұранысқа жауап болмаған жағдайда қайта сұраныс жолданып білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге ұзартылады.
- Көрсетілетін қызметті алушы өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар (келісімдер) қолдану аясына жататын білім туралы құжатты ұсынған жағдайда Орталық 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қайтару себебін көрсете отырып еркін түрдегі ескертпе-хат жолдайды және ұсынылған құжаттарын қайтарады.
- Білім туралы шетелдік құжатты тану үшін сараптамалық бағалау жүргізіледі.
Білім туралы құжатқа сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін Орталық қажет болған жағдайда білім саласындағы мамандарды тартады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Сараптамалық бағалаудың мәні мен мазмұны:
1) егер білім туралы құжат заңдастырылмаған, апостильденбеген болса білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;
2) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналысуға құқығы бар екенін анықтау;
3) білім деңгейін және (немесе) біліктілігін бағалау;
4) оқу кезеңдерін бағалау;
5) оқу мерзімдері мен нысанын бағалау;
6) білім туралы құжаттың иесіне құжатты берген мемлекетте берілетін академиялық және/немесе кәсіби құқықтарының Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік үлгідегі тиісті білім туралы құжаттарға және (немесе) біліктілікке берілетін құқықтарымен теңдігін анықтау;
7) қосымша білімінің бар болуын анықтау (егерде білім деңгейлерінде, оқу кезеңдерінде, оқу мерзімдері мен нысанында едәуір айырмашылық анықталған жағдайда);
8) практикалық дағдылары мен мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуын анықтау (егерде білім деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқу мерзімдері мен нысанында едәуір айырмашылық анықталған жағдайда) болып табылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.04.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Егер сараптамалық бағалау кезінде білім деңгейлерінде, оқу кезеңдерінде, оқу мерзімдері мен нысанында айтарлықтай айырмашылық анықталған жағдайда, қосымша оқығанын және білім алғанын растайтын құжаттар, оның ішінде көрсетілген мамандық бойынша 5 жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесінің бар болуы білім туралы құжаттың иегеріне айырмашылықтың орнын толтырады.
Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша Орталық мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
- білім туралы құжатты тиісті деңгейлері/дәрежелері және дайындық бағыттары (мамандық, біліктілік, кәсіп) бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру ұсынысымен тану туралы;
- білім туралы құжатты төменгі деңгейлері/дәрежелері бойынша еңбек қызметін іске асыру ұсынысымен тану туралы;
- білім туралы құжатты оқуды одан әрі жалғастыру ұсынысымен тану туралы.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Орталықтың бiлiм туралы құжатты тану туралы шешiмінiң негiзiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік білім туралы құжатты тану туралы куәлiк ресімделеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Тану туралы куәлік Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.04.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Білім туралы құжатты танудан бас тартуға:
1) білім туралы құжатты беру фактісінің расталмауы немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының тиісті білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығының болмауы;
2) Қазақстан Республикасында халықаралық құқық субъектісі ретінде танылмаған елдердің не құжатты берген елдің білім беру саласындағы уәкілетті органымен танылмаған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжаттарын ұсыну;
3) шетелдік білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС сәйкес) білім деңгейінің және (немесе) дайындау бағытының (мамандықтарға, кәсібіне) бірде біреуіне сәйкес келмеуі;
4) Білім туралы құжаттың берілу фактісін және білім беру ұйымының тиісті білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығын растау туралы қайта жолданған сұранысқа жауаптың болмауы негіз болып табылады.
Білім туралы құжатты тану бойынша теріс шешім қабылданған кезде Орталық Мемлекеттік корпорацияға Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жағдайда және негіздер бойынша еркін нысанда бас тарту дәлелді жауап жолдайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбi
- Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және мөрдің аудармасын қоса алғанда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы
(егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.
3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).
Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;
4) төлем туралы түбіртек.
Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Осы тармақта көрсетілетін құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Өтiнiштер ХҚО ЫАЖ тiркеледi.
- Заңдастырылған немесе апостелденген білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немес апостелденбеген болса мұндай өтінішті қарау мерзімі білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректердің және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барының расталуын алу уақытын ескере отырып 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Мерзім Орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін
жеткізу уақытын есептемей осы Қағиданың 18 тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған уақыттан бастап есептеледі.
Егерде білім туралы құжаттың берілу деректерін және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барын растау туралы алғашқы сұранысқа жауап болмаған жағдайда қайта сұраныс жолданып білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге ұзартылады.
- Көрсетілетін қызметті алушы өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар (келісімдер) қолдану аясына жататын білім туралы құжатты ұсынған жағдайда Орталық 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайтару себебін көрсете отырып еркін түрдегі ескерту-хат жолдайды және ұсынылған құжаттарын қайтарады.
- Нострификациялау рәсімі:
1) егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апстелденбеген болмаса білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;
2) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналысуға құқығы бар екенін анықтау;
3) шетелдік білім туралы құжаттың ҚР МЖБС сәйкес деңгейлеріне баламалығын (сәйкестігін) анықтау кезеңдерінен тұрады.
- Шетелдік білім туралы құжаттардың ҚР МЖБС-ға баламалылығын (сәйкестігін) анықтауды қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мамандарын жұмылдыра отырып Орталық іске асырады.
- Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:
1) оқу мерзiмi;
2) оқытылған пәндер тiзбесi.
- Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:
1) оқу мерзiмi;
2) оқылған курстар, пәндер, сабақбар тiзбесi және көлемі;
3) практиканың бар болуы (бар болған жағдайда);
4) қорытынды аттестаттаудың бар болуы және оның деңгейі (бар болған жағдайда);
5) оқу бітіргендегі біліктілік жұмысының бар болуы (бар болған жағдайда);
6) оқу нысаны;
7) қосымша білімінің бар болуы (егерде оқу нысаны мен мерзімінде, оқылған курстар, пәндер, сабақтар тізбесі мен көлемінде едәуір айырмашылық анықталған жағдайда);
8) кадрларды даярлау бағыты немесе біліктілік бойынша практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесінің бар болуы (егер оқу нысаны мен мерзімінде, оқылған курстар, пәндер, сабақтар тізбесі мен көлемінде айтарлықтай айырмашылық анықталған жағдайда);
Алынған білім мен тәжірибе оқу жоспарлары мен оқу әдістемелеріндегі ықтимал айырмашылықтарды тану арқылы қорытынды дайындық тұрғысынан бағаланады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.04.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым
министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
- Егер білім туралы құжатқа сараптама жүргізу кезінде оқылған базалық және бейінді пәндер тiзбесiнде және көлемінде, оқу мерзімдері мен нысанында едәуір айырмашылық анықталған жағдайда, қосымша оқып білім алғанын, оның ішінде кадрларды даярлау бағыты немесе біліктілік бойынша 5 жылдан астам практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттар білім туралы құжаттың иегеріне айырмашылықтың орнын толтырады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейлері бойынша кадрларды даярлау бағыты немесе біліктілік жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкестігін белгілеу кадрларды даярлау бағыты немесе біліктілігі бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Білім туралы құжаттың баламалылығын анықтау бойынша өткізілген сараптама нәтижелері бойынша Орталық мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
- білім туралы құжатты білім берудің тиісті деңгейлері/дәрежелері және кадрлар дайындау бағыттары (мамандық, біліктілік, кәсіп) бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру ұсынысымен нострификациялау туралы;
- білім туралы құжатты төменгі деңгейлері/дәрежелері бойынша еңбек қызметін іске асыру ұсынысымен нострификациялау туралы;
- білім туралы құжатты оқуды одан әрі жалғастыру ұсынысымен нострификациялау туралы.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Орталықтың шешімі негізінде осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6 және 7- қосымшаларына сәйкес тиісті куәлік ресімделеді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Нострификациялау туралы куәлік Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.04.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Егер:
1) білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректің анықталмаған;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде танымаған елдің білім туралы құжатын немесе құжатты берген елдің білім саласындағы уәкілетті органымен танылмаған білім беру ұйымы берген білім туралы құжатты ұсынған;
3) Шетелдік білім беру бағдарламасының бірде-бір білім деңгейлері және (немесе) дайындық бағыттары (мамандықтар, кәсіптер) ҚР МЖБС сәйкес болмауы;
4) білім туралы құжаттың берілу дерегін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналасуға құқығы бар екенін анықтау бойынша қайта жолданған сұранысқа жауап болмаған жағдайларды нострификациялау бойынша теріс шешім шығаруға негіз бола алады.
Білім туралы құжатты нострификациялау бойынша теріс шешім қабылданған кезде Орталық Мемлекеттік корпорацияға Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жағдайда және негіздер бойынша еркін түрде бас тарту дәлелді жауап жолдайды.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің, сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3 тарау. Тану немесе нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру тәртібі
- Егер өтініш берушінің тегі, аты әкесінің атын (бар болған жағдайда) өзгерген және бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, тану және нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрi - телнұсқа) берiледi.
- Көрсетілетін қызметті алушы телнұсқа алу үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телнұсқаны беру туралы өтініш;
2) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты;
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
3) Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін)
4) төлем туралы түбіртек.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.04.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына "Дубликат" деген жазу жазылады.
- Білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы қуәліктің телнұсқасын беру туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидалардың 35- тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап өтінішті Орталыққа және көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік корпорацияға жеткізу уақытын есептемеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" қағидаларға 1-қосымша |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
(Тегі, аты, әкесінің аты)* |
|
|
Азаматтығы:* |
|
Жеке басын растайтын құжаты (паспорт/жеке куәлік:* |
|
(нөмірі, сериясы, күні және кім бергені) |
|
Тұрғылықты мекен |
жайы: |
|
(ел, облыс, қала, аудан, көше атауы, |
|
үй және пәтер нөмрі) |
Байланыс деректері* |
|
(ұялы, жұмыс/үй телефондары, |
электронды пошта адресі) |
|
|
Жұмыс немесе оқу орны:* _ |
|
|
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден*
(тану немесе нострификациялау)
Мақсат*
(жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)
Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі*
(диплом, аттестат, куәлік, сертификат)
Кім берген*
(білім беру ұйымының, елдің толық атауы)
Мамандық/бағыты бойынша*
(толық атауы)
Берілген біліктілік/ дәреже*
(толық атауы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы үшін "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толық жауап беремін.
" " 20 жыл
(жеке қолы)
*- толтырылуы міндетті.
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" қағидаларға 2-қосымша |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) БТ №
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы білім туралы құжат
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
ат ына берілген
(тегі, аты, әкесінің аты)
оқу орны
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
біліктілігі/дәрежесі
кадрларды дайындау бағыты бойынша
сәйкес құқықтық теңдігімен
(білім алуға және /немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
Негіздеме:
_
(Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні) М.О
Басшы
(қолы)
Тіркеу нөмірі №
20 жылғы " "
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" қағидаларға 3-қосымша |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) ЖБ-ІІ №
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы білім туралы құжат
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
атына берілген
(тегі, аты, әкесінің аты)
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
біліктілігі/дәрежесі
кадрларды дайындау бағыты бойынша
сәйкес құқықтық теңдігімен
_ (білім алуға және /немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
Қазақстандық жоғары білімнен кейінгі дипломға баламалы деп куәландырылады
Негіздеме
(Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні) М.О
Басшы
(қолы)
Тіркеу нөмірі №
20 жылғы " "
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" қағидаларға 4-қосымша |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) ЖБ-І №
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы білім туралы құжат
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
атына берілген
(тегі, аты, әкесінің аты)
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
біліктілігі/дәрежесі
кадрларды дайындау бағыты бойынша
сәйкес құқықтық теңдігімен
(білім алуға және /немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
Қазақстандық жоғары білім туралы дипломға баламалы деп куәландырылады
Негіздеме
(Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні) М.О
Басшы
(қолы)
Тіркеу нөмірі №
20 жылғы " "
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" қағидаларға 5-қосымша |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) ТКБ №
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы білім туралы құжат
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
атына берілген
(тегі, аты, әкесінің аты)
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
мамандығы бойынша
бі ліктілігімен
сәйкес құқықтық теңдігімен
(білім алуға және /немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға баламалы деп куәландырылады
Негіздеме
(Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні) М.О
Басшы
(қолы)
Тіркеу нөмірі №
20 жылғы " "
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" қағидаларға 6-қосымша |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) ЖОБ №
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы білім туралы құжат
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
атына берілген
(тегі, аты, әкесінің аты)
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
Қазақстандық жалпы орта білім туралы аттестатқа баламалы деп куәландырылады
Негіздеме
(Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні) М.О
Басшы
(қолы)
Тіркеу нөмірі №
20 жылғы " "
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" қағидаларға 7-қосымша |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты) НОБ №
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы білім туралы құжат
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
атына берілген
(тегі, аты, әкесінің аты)
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
Қазақстандық негізгі орта білім туралы куәлікке баламалы деп куәландырылады
Негіздеме
(Көрсетілетін қызмет беруші шешімінің нөмірі мен күні) М.О
Басшы
(қолы)
Тіркеу нөмірі №
20 жылғы " "
"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" қағидаларға 8-қосымша |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
|
(Тегі, аты, әкесінің аты)* |
|
|
Азаматтығы:* |
|
Жеке басын растайтын құжаты (паспорт/жеке куәлік:* |
|
(нөмірі, сериясы, күні және кім бергені) |
|
Тұрғылықты мекенжайы: |
|
(ел, облыс, қала, аудан, көше атауы, |
|
үй және пәтер нөмрі) |
Байланыс деректері* |
|
(ұялы, жұмыс/үй телефондары, электронды пошта адресі) |
|
|
Жұмыс немесе оқу орны:* _ |
|
|
Өтініш
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден
(білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру)
Себебі
(куәліктің жоғалуы/бүлінуін/ тегі, аты немесе әксеінің аты өхгеруі және т.б..) Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі
(диплом, аттестат, куәлік, сертификат)
(білім беру ұйымының, елдің толық атауы)
мамандық бойынша (толық атауы)
берілген біліктілік/дәрежесі
(толық атауы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы үшін "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес Қазақстан Рсепубликасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толық жауап беремін.
" " 20 жыл
(тегі, аты, әкесінің аты жеке қолы немесе уәкілетті өкіл)
*- толтырылуы міндетті.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК