Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі
Орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілер ҰБТ-ға қатысу үшін университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
-Белгіленген үлгідегі өтініш;
-3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
-Орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқа);
-Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
-075/У нысанындағы медициналық анықтама;
-Тестілеуге қатысу үшін төлеген ақы туралы түбіртек;
-Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына белгіленген нысан бойынша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама.