Жаңалықтар

 

 

 

Университетте белгілі қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды

 

25.04.2024ж Қызылорда «Болашақ» университеті белгілі қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа арналған «Берен тұлға Бердібек» атты ғылыми-танымдық конференцияға университет кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге белгілі қоғам қайраткердің еңбектері, естелік суреттері, мақалалары қойылды.

Еске алу құрметіне орай, университеттің мәдени-бұқаралық іс-шаралары өтетін 500 адамға арналған Атриум залы мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев атына берілді

 

 

 

 

Қасым Тыныстановтың 100 жылдығына орай жарық көрген кітабы «Болашақ» университеті кітапханасына табысталды.

 

 

 

Қырғызстан Республикасындағы Қасым Тыныстанов атындағы Ысык-Көл мемлекеттік университеті қырғыз ғалымы, ақын, мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі Қасым Тыныстановтың 100 жылдығына орай жарық көрген кітабын «Болашақ» университеті кітапханасына сыйлық ретінде табыстады. 

 

 

 

 

БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ IPR SMART ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛДЫ

 

 Құрметті әріптестер және білім алушылар! Біздің университет 1 жылға үлкен ақылы Ресейлік IPR SMART электронды кітапханаға жазылды.

 

 

 

Құрметті оқырмандар! Қызылорда «Болашақ» университетінің кітапханасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бес томдық таңдамалы шығармалар жинағымен толықты. Жинаққа ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дін, шариғат, ғылым, білім туралы, өмірбаяндық жырлармен қатар, 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрген туындылары енді.

    Кітап фольклортанушы, әдебиеттанушы ғылымдарға, жоғары оқу орындарындағы филология факультетерінің студенттеріне, магистранттары мен  PhD докторанттарына, жалпы қалың көпшілік оқырман қуымға арналған.

 

 

Биыл қазақтың көрнекті режиссері, қазақ кәсіби кино өнерінің негізін қалаушы, даңқты актер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл. Осыған орай Қызылорда «Болашак» университеті,  қазақ киносының біртуар тұлғасы, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген Совет Одағы мен Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов университетімізге құрметті қонағы ретінде шақырылды.«Қыз Жібек», «Трансібір экспресі», «Атаманның ақыры» сияқты талай тамаша туындыларда басты рөлдерді сомдаған Асанәлі Әшімовтің сахна мен түсірілім алаңындағы елеулі еңбегі әлі күнге жалғасып келеді. Кездесу барысында жоғары мәртебелі қонақ өзінің бірқатар кітаптарын кітапхана қорына сыйлап қолтаңба қалдырды.

 

 

Қала күніне орай өткізілген «Kitap Fest- 2023» кітап фестивалінде «Болашак» университеті өз үлесін қосып, кітап көрмесін  ұйымдастырды. Көрмеге университет оқытушылардың еңбектері, «Болашақ» жоғары  медицина колледжі және «Болашақ» жоғары колледжі мамандықтарына байланысты кітапхана қорына жаңадан түскен оқулықтар қойылды. Болашақта қала тұрғындары, жастары үшін кітап фестивалі пайдалы әрі қызықты мерекеге айналды деген сенімдеміз.

 

 

 

 

Global SciCall: жаңа білім қорының авторлық жұмыстар ұлттық байқауының сарапшысы ретінде қатысқаны үшін алғыс пен IPR MEDIA компаниясының сараптамалық сертификаты кітапхана меңгерушісі Ж.Б. Алдабергенова табысталды.

 

 

 

 

"Қайсар" волейбол клубының төрағасы, волейболдан облыстың бас бапкері Даутов Абай Сайынұлы Қызылорда "Болашақ" университетінің кітапханасына екі кітапты сый ретінде табыстады.

 

  

 

 

Жаңа оқулық

 

Қызылорда «Болашақ» университеті кітапханасының қоры «Арал-Сырдария бассейінінің экологиясы мен биоресурстары» ҒЗИ директоры, «Жаратылыстану және өнер» кафедрасының доценті Марат Мықтыбайұлы Жанзақовтың авторлығындағы 2 бөлімнен тұратын «Селекция және тұқым шаруашылығы негіздері» атты оқулығымен толықты.

 

Оқулықта мәдени өсімдіктер, яғни егістік дақылдар селекциясы мен тұқым шаруашылығының негізгі мәселелері мен бағыттары баяндалған. Әлеуетті өнімділігі мен өнімнің сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі үйлескен, табиғи-климаттық жағдайлардың күрт өзгеруіне, қарқынды және энергия үнемдейтін технология бойынша өсіруге бейімделген сорттар мен будандар шығарудағы бастапқы материалдарға және оларды алу тәсілдері мен әдістері, будандастыру түрлеріне, полиплоидия, анеуплоидия мен гаплоплоидияның, мутагенездің, гетерозистің, сұрыптау мен оның әдістерінің селекциялық процесте қолданылуына, жалпы селекциялық процесті, сондай-ақ тұқым шаруашылығын ұйымдастыру мен жетілдіру негіздеріне, тұқым сапасын жақсартудың заманауи әдістері мен тәсілдеріне аса көңіл бөлінген.

 

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының өсімдік шаруашылығындағы мамандығы студенттері, магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлеріне арналған.

 

Оқулық өз оқырманын табады деген сенімдеміз!

 

 

 

 

Сыртқы электронды кітапханалармен семинарлар, консорциумдар,вебинарлар

 

Жаңа оқулықтар

 

 

Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт