Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы                             31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:

        ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;

         басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.

     Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік  пәні бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.

       Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.»;

 4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     «Шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын:

          Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС) халықаралық сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ-да "Шет тілі (ағылшын)" бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін тапсырудан босатылады.

         ҰБТ-да "Шет тілі (ағылшын)" бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін бірыңғай тапсырған кезде және жоғарыда көрсетілген шет тілін меңгергенін растайтын  халықаралық сертификаттардың (ағылшын тілі) бірін ұсынған жағдайда, ҰБТ сертификаты үшін  ең жақсы нәтижемен шет тілі (ағылшын тілі) бойынша балдар ескеріледі.

  SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи), A Level (Э-Левел), TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), IELTS (АЙЛТС) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 2-1-қосымшада белгіленген балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады.»;

 мынадай мазмұндағы  4-2-тармақпен толықтырылсын:

«4-2. Қазақ тілін В1-ден (орта) төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар тұлғалар Үлгілік қағидаларға 2-2-қосымшада белгіленген балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес қалауы бойынша ҰБТ-да «Қазақ тілі» бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы бөлімге қабылданады.»;

мынадай мазмұндағы  4-3-тармақпен толықтырылсын:

    «4-3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бітірушілері осы Үлгілік қағидаларға 2-3-қосымшада белгіленген оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысады және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  «8. ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу кезінде «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №357 бұйрығымен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы қарастырылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  «9. ЖЖОКБҰ-ға түсушілерді қабылдау Заңның 26-бабының 8-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификат және (немесе) үміткердің бірегей деректері бар ұлтттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін растайтын Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында орналастырылатын электрондық сертификат (бұдан әрі – ҰБТ сертификаты) балдарына сәйкес олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «25. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 50 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантының иегерлері куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімнің білім беру грантының иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.

Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында» және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында белгіленген тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.»;

Үлгілік қағидаларға 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 2-2-қосымшамен толықтырылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 2-3-қосымшамен толықтырылсын.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

       «7. ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 5 шілдеге дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 25 қазаннан 10 қарашаға дейін.

       IELTS (International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем), TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Интернет бейзид тест), DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун), TFI (Test de Franзais International (Тест де франсэ Интернасиональ), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз), TCF (Test de connaissance du franзais (Тест де коннэссанс дю франсэ) шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары және стандартталған GRE (Graduate Record Examinations (Грэдуэйт рекорд экзаменейшенс) тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға КТ-ға электронды форматта және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізу қажет.     

        Жоғарыда көрсетілген сертификаттардың балдарын аудару республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш бергеннен кейін немесе Қағидаларға 1-2, 2, 3-қосымшаларға сәйкес ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде жүзеге асырылады.

      Магистратураға түсушілер үшін араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде өткізіледі:

        1) күнтізбелік жылғы 16 шілдеден 25 шілдеге дейін;

        2) күнтізбелік жылғы 21 қарашадан 28 қарашаға дейін.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды күнтізбелік жылғы 3-25 шілде аралығында ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары жүргізеді. Резидентураға түсу емтихандары күнтізбелік жылғы 8-16 тамыз аралығында өткізіледі.

       Білім беру ұйымдарының немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылым ұйымдарының қысқартылған резидентура бағдарламаларына түсушілердің өтініштерін қабылдауды қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде жеке оқу жоспары бойынша және тек ақылы негізде жүргізеді.

      ЖЖОКБҰ докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүргізеді:

      1) күнтізбелік жылғы 3 шілдеден 3 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 25 қазаннан 10 қарашаға дейін.

     GRE (Graduate Record Examinations (Грэдуэйт рекорд экзаменейшенс) халықаралық стандартталған тест сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханына қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізуі қажет.

      Көрсетілген сертификат балдарын түсу емтиханының балдарына ауыстыру Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берген кезде немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылдау кезінде жүзеге асырылады.

       GRE (Graduate Record Examinations (Грэдуэйт рекорд экзаменейшенс) халықаралық стандартталған тест сертификатының балдарын КТ немесе түсу емтиханының балдарына ауыстыру бөлек блоктар бойынша жүзеге асырылмайды.

       «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) мүгедектікті белгілеу туралы құжатты көрсеткен кезде көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар қосымша тестілеуге және түсу емтиханына қатысу үшін өтініш берген кезде түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын көмекшіні ұсыну қажеттігі туралы қосымша көрсетеді.

       Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

        1) күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін;

        2) күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.

      Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.

       Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:

        1) еркін нысандағы өтініш;

       2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

       3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

        4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

        5) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:

        ағылшын тілін меңгеру бойынша:

       International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.5;

         Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 46 балл;     

         Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 460;

       неміс тілін меңгеру бойынша:

      Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В2 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2) (ДЙСИЭИЧ, ниво В2) – В2 деңгейінен төмен емес;

       TestDaF-Prufung Niveau В2 (тестдаф-прюфун ниво В2) (TDF Niveau В2) (ТЙДИЭФ, ниво В2) - В2 деңгейінен төмен емес;

      француз тілін меңгеру бойынша:

       Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;

      Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейінен төмен емес;

      Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - В2 деңгейінен төмен емес;

       Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;

        6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

        Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

      7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

       8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;

      9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;

      10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша);

      4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

        Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.

        Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.

      Қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

      Қосымша тестілеуді ҰТО ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.

      Қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның жеке кабинеті арқылы жолданады.

      Қосымша тестілеу нәтижелері қосымша тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында көрсетіледі.

      Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және расталады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

      4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты күнтізбелік ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.

      18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

      Магистратура мен докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

       Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын тапсырған кезеңде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

        «11. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тестілеуден, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

      Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден және оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

       Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

       1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ;

      2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

       Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары тобының магистратурасына түсуші тұлғалар:

       1) араб тілі бойынша түсу емтиханын;

        2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.»

         12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

        «12. КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

КТ-ны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - ҚР ҒЖБМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) өткізеді.

КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында расталады.

          Түсу (шығармашылық) емтихандары мен КТ-ны тапсырған кезеңде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

         Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткізіледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандарды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ дербес өткізеді. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.

         Магистратураға шығармашылық емтиханды өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

Емтихан комиссияларының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан құрылады және комиссия төрағасын комиссия мүшелерінің арасынан сайлай отырып, ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

         Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

        Шығармашылық емтихандарын өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

        Шығармашылық емтихандардың кестесін (емтихан өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсушілердің назарына құжат қабылдау басталғанға дейін жеткізіледі.

         Шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

         Шығармашылық емтихан өткізу қорытындысы баға ведомосымен және комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді, нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

         ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

         Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді береді.

         Араб тілінен түсу емтихандарын жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ дербес жазбаша түрде өткізеді. Бұл ретте түсушілер араб тілінен түсу емтиханын оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.

         Араб тілінен түсу емтиханын өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да емтихан комиссиясы құрылады.

         Емтихан комиссиясының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан құрылады және комиссия төрағасын комиссия мүшелерінің арасынан сайлай отырып, ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

         Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

        Араб тілінен түсу емтихандарын өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

        Араб тілі бойынша емтихандардың кестесін (емтихан өткізу күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсушілердің назарына құжат қабылдау басталғанға дейін жеткізіледі.

        Араб тілінен түсу емтихандары бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

       Араб тілінен емтиханды өткізу қорытындылары баға ведомосымен және комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді, нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

        ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, араб тілі бойынша емтихан аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда араб тілінен емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

        ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы араб тілінен түсу емтиханының нәтижелері бойынша түсушіге араб тілінен емтихан тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді береді.»;

          20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «20-1. Компьютерлік форматта докторантураға түсу емтиханы мынадай блоктардан тұрады:

1) оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

2) эссе жазудан;

3) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден (бұдан әрі – ОДАТ);

4) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

 9-қосымшаға сәйкес қорытынды баға эссені бағалау, ОДАТ, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелерін қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат 20 минут (260 минут) беріледі, оның ішінде:

әңгімелесуге – 20 минут;

ОДАТ-ға – 50 минут;

эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған жағдайда түсу емтиханын тапсыруға 60 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.

Қосымша тестілеу және түсу емтиханы басталғанға дейін қосымша тестілеу және түсу емтиханының әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) түсушілерге қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу ережелері бойынша нұсқаулық жүргізеді.Қосымша тестілеу және түсу емтиханының басталуы жарияланғаннан кейін уақыт бойынша 40 минуттан артық кешігіп келгендер қосымша тестілеуге және түсу емтиханына жіберілмейді.

Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын бастау үшін түсушіге:

1) логин көрсету;

2) паролін көрсету;

3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;

4) қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу қағидаларымен танысу;

5) қосымша тестілеуді және түсу емтиханы туралы деректердің дұрыстығын растау;

6) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін қосымша тестілеуді және түсу емтиханын тапсыруға кірісу қажет.

Тапсырмаларды шешу бойынша жұмысты орындау үшін әрбір түсушіге А4 форматтағы қағаз беріледі, оны қосымша тестілеу және түсу емтиханы аяқталғаннан және апелляцияға өтініш берілгеннен кейін отырғызу орнында қалдырады.

 Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.

Қосымша тестілеу және түсу емтиханы аяқталғаннан кейін түсуші мұны "Тестілеуді аяқтау" батырмасын басу арқылы растайды.

 Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары осы білім беру бағдарламасы топтары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясына қосымшасы бар ЖЖКОБҰ ұсынған сарапшылармен өңдеу және бағалау үшін ҰТО-ға жіберіледі. Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша түсушінің жауаптарын ҰТО өңдейді.

Түсу емтиханының нәтижесі түсу емтиханы өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады.

Түсу емтиханының және (немесе) апелляцияға өтінішті қарау (апелляцияға өтініш берген жағдайда) нәтижелері бойынша түсушіге ҰТО-ның сайтында жарияланатын және түсушінің жеке кабинетіне жолданатын электрондық сертификат беріледі.

Түсу емтиханының электрондық сертификаты ҰТО-ның сайтында расталады.

4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.»;

20-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

        «20-3. Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу үшін жергілікті жерлерде қосымша тестілеуді және түсу емтиханын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссиялар құрылады, оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Өңірлік мемлекеттік комиссияның төрағалары болып ЖЖОКБҰ-ның басшылары тағайындалады.

       Өңірлік мемлекеттік комиссияның құрамына құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

        Бұл ретте өңірлік мемлекеттік комиссияның құрамына тізбесі Кодекспен айқындалған күнтізбелік жылға қосымша тестілеуге және түсу емтиханынна қатысушылардың жақын туыстары кірмейді.

       Өңірлік мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды.

        Өңірлік мемлекеттік комиссия қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу кезінде:

      1) қосымша тестілеуге және түсу емтиханына кіргізу кезінде және қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді;

       2) қосымша тестілеу мен түсу емтиханын өткізу кезеңінде медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастырады;

      3) көру қабілеті, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар тұлғалар үшін түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пән оқытушысы болып табылмайтын көмекші және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар тұлғалар үшін ымдау тілін меңгерген маман беруді ұйымдастырады;

       4) қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу кезінде шкафтардағы (ұяшықтардағы) түсушілердің жеке заттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

        5) қосымша тестілеу және түсу емтиханына түсушілерді кіргізу процесіне қатысады.

        Бұл ретте, өңірлік мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері қосымша тестілеу және түсу емтиханы процесіне қатыспайды.

      Қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең төмен техникалық талаптар Қағидаларға 9-1 қосымшада келтірілген.

      Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарға әкімшілер, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатарынан бақылаушылар жіберіледі.

       ҰТО әкімшілер арасынан қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу процесін үйлестіретін әкімшілер тобының басшысын тағайындайды. Әкімшілер тобының басшысы қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу күні Қағидаларға 11-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеу және түсу емтиханы әкімшілерін аудиториялар бойынша бөледі.

       Әкімші өзіне бекітілген аудиторияға және отырғызу орындарына жауап береді.

       Әкімшілер аудитория мен дәліз бойынша кезекші қызметін атқарады.

       Қосымша тестілеу және түсу емтиханы өткізілген күні әкімші отырғызу парағын басып шығарады.

      Түсушілер қосымша тестілеуге және түсу емтиханына бір-бірден кіргізіледі және жеке басын куәландыратын құжаты немесе төлқұжаты негізінде түсушілердің жеке басы бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіріледі.

        Түсуші отырғызу парағында көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады.

      Отырғаннан кейін түсуші Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырғызу парағына қол қояды.

       Қосымша тестілеу және түсу емтиханына кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады.

      Қосымша тестілеу және түсу емтиханына кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде түсушіде тыйым салынған заттар (деректермен қамтылған шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, А0-А10 форматтағы қағаз, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес-білезіктер (трекер), диктофондар, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) табылған жағдайда, әкімші Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеуге және компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу барысында тыйым салынған заттарды табу бойынша акт жасайды.

       Қосымша тестілеу және түсу емтиханына кіргізу барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, әкімші Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеу немесе докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды, түсуші осы қосымша тестілеуге және түсу емтиханына кіргізілмейді.

       Өз орнына бөгде тұлғаны кіргізуге талпынған түсушілерге ағымдағы жылы қосымша тестілеуге және түсу емтиханына кіруге рұқсат етілмейді.»;

          20-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

          «20-4. Қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу барысында түсушіге:

      1) аудиториядан дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын түсу емтиханы әкімшісінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;

      2) аудиториядан 2 рет және ұзақтығы 10 минуттан артық шығуға;

      Бұл ретте, төтенше, форс-мажорлық жағдайларға қатысты жағдайларды және (немесе) оқуға түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға жол берілмейді;

      3) сөйлесуге, орын ауыстыруға;

      4) құжаттармен және бейінді білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан сұрақтарының жауаптарына арналған түсушіге берілетін А4 форматындағы парағымен алмасуға;

      5) құжаттарды және бейінді білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан сұрақтарының жауаптарына арналған түсушіге берілетін А4 форматындағы парақты аудиториядан шығаруға, сондай-ақ оларды жырту, бүктеу арқылы бүлдіруге;

      6) аудиторияға деректермен қамтылған шпаргалкаларды, қағазды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, А0-А10 форматтағы қағазды, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт көзілдірікті, смарт сағаттарды, фитнес-білезіктерді (трекер), диктофондарды, сымды және сымсыз құлаққаптарды, микроқұлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ мынадай стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;

      7) қосымша тестілеуде және түсу емтиханында пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

      8) қосымша тестілеу және түсу емтиханы басталар алдында немесе барысында шулауға;

      9) тестілеу тапсырмалары мен емтихан сұрақтарының мазмұнын талқылауға, жария етуге және шығаруға;

      10) қосымша тестілеу және түсу емтиханының жүйесіне араласу әрекеті немесе араласуы және қосымша тестілеу және түсу емтиханын өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте, компьютерде қосымша тестілеу және түсу емтиханы бағдарламасының интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Түсуші аудиториядан шыққан кезде және аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеру жүзеге асырылады.

      Қосымша тестілеуде және түсу емтиханында тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар түсушіден табылған кезде, сондай-ақ, түсуші осы тармақты бұзған жағдайда әкімші Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеуді немесе компьютерлік форматтағы түсу емтиханын өткізу барысында тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті немесе араласуы, қосымша тестілеу және түсу емтиханынан өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды. Түсуші аудиториядан шығарылады. Қосымша тестілеудің және түсу емтиханының нәтижелері өңделмейді және жойылады.

      Түсу емтиханын және қосымша тестілеуді өткізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда, әкімші Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеуді немесе докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханын өткізу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды.

      Бөгде тұлға аудиториядан шығарылады. Қосымша тестілеудің және түсу емтиханының нәтижелері өңделмейді және жойылады.

      Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу барысында өз орнына бөгде тұлғаны кіргізген түсушілерге ағымдағы жылы қосымша тестілеу және түсу емтиханын тапсыруға рұқсат етілмейді.

      Қосымша тестілеу немесе түсу емтиханын өткізу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші әкімшіге хабарлауы қажет. Әкімші Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеу немесе түсу емтиханы кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін толтырады.

      Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе қосымша тестілеу және түсу емтиханының жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, ҰТО-мен келісіп әкімші мен өңірлік мемлекеттік комиссия Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеу немесе түсу емтиханы процесін тоқтату (күшін жою) және басқа күнге ауыстыру туралы акт акт жасай отырып, қосымша тестілеу және түсу емтиханы процесін тоқтатады (күшін жояды) және басқа күнге ауыстырады.

      Қосымша тестілеу және түсу емтиханы процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт әкімші және өңірлік мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.

      Электр қуаты ажыратылған жағдайда, түсушінің жұмыс орнында қосымша тестілеу және түсу емтиханының процесі туралы деректер (тест тапсырмалары мен емтихан сұрақтарына бұрын белгіленген жауаптар, қосымша тестілеудің және түсу емтиханының пайдаланылған уақытының саны) сақталады.

      Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын одан әрі жалғастырған кезде түсуші қосымша тестілеу және түсу емтиханы процесі тоқтатылған жерден бастап қосымша тестілеу және түсу емтиханы процесін жалғастырады.

      Қосымша тестілеу және түсу емтиханын басқа күнге ауыстырған жағдайда түсушінің қосымша тестілеу және түсу емтиханы тоқтатылғанға дейін тест тапсырмалары мен емтихан сұрақтарына бұрын белгіленген жауаптары сақталмайды.»;

20-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «20-5. Қосымша тестілеу және түсу емтиханы кезеңінде және аяқталғаннан кейін бейнебақылау жазбаларын қарау және (немесе) түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру барысында анықталған түсушілердің аудиториядағы тәртіп сақтау қағидаларын бұзу және (немесе) КТ тапсыру кезінде тестілеу жүйесіне араласу немесе араласуға әрекет жасауға қатысты бұзушылықтарды қарастыру үшін ҰТО-да КТ барысында туындаған күтпеген жағдайлар бойынша шешім қабылдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

    Комиссияның функциялары:

    1) қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу кезіндегі күтпеген жағдайларда шешімдер қабылдау;

    2) қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу кезеңінде бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру бойынша түсушілердің Қағидалардың 20-3 және 20-4 тармақтарында көрсетілген ережелерді бұзғаны және тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда қосымша тестілеу және түсу емтиханы нәтижелерінің күшін жою туралы шешім қабылдау;

    3) қосымша тестілеу мен түсу емтиханын өткізу кезеңі аяқталғаннан кейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға қосымша тестілеу мен түсу емтиханының нәтижелерін (қосымша тестілеу балдары және түсу емтиханының сертификаты) жоюға ұсыну.

    Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу кезеңінде күнтізбелік жылғы 4 тамыз бен 20 тамыз және/немесе 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында ҰТО қосымша тестілеудің және түсу емтиханының бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады және тестілеу жүйесіне (электрондық форматқа) түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүргізеді және түсушілердің қосымша тестілеу және түсу емтиханы уақытында Қағидалардың 20-3 және 20-4-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы және (немесе) ереже бұзғаны анықталған жағдайда және тестілеу жүйесіне түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижелері бойынша ҰТО-мен Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеу немесе түсу емтиханы кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланған, тәртіп сақтау ережесін бұзған және (немесе) тестілеу жүйесіне араласу әрекеті немесе араласуы анықталған түсушілерді анықтау туралы акт жасалады. Комиссия шешімімен қосымша тестілеу нәтижелері және түсу емтиханының сертификаты жойылады.

    Қосымша тестілеудің нәтижелері жойылған жағдайда түсушілер түсу емтиханына жіберілмейді. Түсу емтиханының сертификаты жойылғаннан кейін ҰТО түсушіге және ЖЖОКБҰ-ға хабарлама жібереді.

     ҰТО күнтізбелік жылғы 4 тамыз бен 20 тамыз және/немесе 19 қараша және 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу және түсу емтиханы аяқталғаннан кейін бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады және тестілеу жүйесіне (электрондық форматқа) түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарын) 3 (үш) ай ішінде тексеруді жүргізеді.

     Қосымша тестілеу және түсу емтиханында және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша, түсушілердің Қағидалардың 20-3 және 20-4 тармақтарында көрсетілген ережелерді бұзғаны үшін және (немесе) тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы анықталған жағдайда, ҰТО еркін түрде акт толтырады және растайтын материалдарымен бірге ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

     Акт және растайтын құжаттар ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады. Комиссияның шешімі бойынша қосымша тестілеудің нәтижелері, түсу емтиханының сертификаты ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады.

     Қосымша тестілеу, түсу емтиханы және (немесе) түсу емтиханы сертификатының нәтижелері жойылғаннан кейін ҰТО ЖЖОКБҰ-ға және оқуға түсушіге оның жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.

     Бұл ретте нәтижесі жойылған түсуші ағымдағы кезеңде қосымша тестілеуге және түсу емтиханына жіберілмейді.

     Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган емтихан және апелляциялық комиссия сарапшыларымен жүзеге асырылатын докторантураға түсушілердің жұмыстарын бағалауға мониторинг жөніндегі Комиссияны құрайды.

     Мониторинг жөніндегі Комиссия күнтізбелік жылғы 4 тамыз бен 20 тамыз және (немесе) 19 қараша және 11 желтоқсан аралығында өткізілген түсу емтиханы аяқталғаннан кейін емтихан және апелляциялық комиссия сарапшыларымен жүзеге асырылатын докторантураға түсушілердің жұмыстарын бағалауды 3 (үш) ай ішінде жүргізеді.

    Емтихан және (немесе) апелляциялық комиссиялары тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда, комиссияның шешімі бойынша ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен түсу емтиханының нәтижелері мен оқуға түсушінің сертификаты жойылады және ЖЖОКБҰ-ға хабарлама жіберіледі.

   ЖЖОКБҰ білім алушыны оқудан шығаруды жүзеге асырады.»;

    22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «22. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады.

     Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

      Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі және білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

     ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиялары жұмыстарды түсушінің жеке коды бойынша тексереді және қарау нәтижелерін ақпараттық жүйе арқылы ҰТО-ға нәтижелерді одан әрі жариялау үшін жібереді.

      ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиялары түсушілердің жұмысын тексеру кезінде Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес жауаптарды бағалау критерийлерін басшылыққа алады.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсушілер, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімін тапсырады және Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес балдарды аудару шкаласына сәйкес GRE Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде эссе жазудан және докторантураға оқуға дайындығын анықтауға арналған тест жазудан босатылады.

     Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханына және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.

      Сертификат балдарын ОДАТ және эссе жазу балдарына ауыстыру мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде және ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылданған кезде жүзеге асырылады.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді.»;

     26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «26-1. Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы бойынша апелляцияға өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ден 13:45-ға дейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдардың базасында қабылданады.

    Апелляцияға өтініш беруге ғимаратқа кіру барысында Қағидаларға 20-3 және 20-4 тармақтарда көрсетілген тыйым салынған заттарды кіргізуге және қолдануға рұқсат берілмейді.

    Апелляцияға өтініш беру үшін ғимаратқа кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде Қағидалардың 20-3 және 20-4 тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, әкімші Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша тестілеуге және компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу барысында тыйым салынған заттарды табу бойынша акт жасайды. Түсуші ағымдағы жылы қосымша тестілеуге және түсу емтиханына жіберілмейді.

    Докторантураға түсу емтиханына мазмұны бойынша апелляцияға 45 минут беріледі, оның ішінде:

1) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша – 15 минут;

2) эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазу бөлімі бойынша – 30 минут.

Мазмұны және техникалық себеп бойынша докторантураға түсуші тұлғалардан ОДАТ блогы мен қосымша тестілеу апелляциясын Республикалық апелляциялық комиссия қарастырады.

Докторантураға түсуші тұлғалар ОДАТ блогы мен қосымша тестілеу апелляциясының техникалық себептері бойынша өтінішін түсу емтиханы өткізу барысында береді.

Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) болмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда қабылданады.

Апелляцияға арналған өтініште көрсетілген нақты фактілер қарастырылуға жатады.

Докторантураға түсуші тұлғалар мазмұны бойынша қосымша тестілеу апелляциясына өтінішті 30 минут ішінде береді.

Докторантураға түсуші тұлғалардан мазмұны бойынша ОДАТ блогы мен қосымша тестілеу апелляциясы мынадай жағдайларда қаралады:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

2) дұрыс жауап жоқ;

3) барлық ұсынылған жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмаларында бір бірден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

4) тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.

ОДАТ блогы мен қосымша тестілеу апелляциясына мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.

ОДАТ блогы, қосымша тестілеу, эссе жазу білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап жазу бөлімдерінен апелляцияға берілген өтініште әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелді негіздеме көрсетілмесе (жауап жоқ, толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі), қарастыруға жатпайды.

Онлайн апелляцияның нәтижелері Республикалық апелляциялық комиссиясымен қарастырылғаннан кейін түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Республикалық апелляциялық комиссияның және ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Эссе жазу блоктары, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар бойынша апелляцияны ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиялары жүргізеді.»;

Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 5-1-қосымшамен толықтырылсын;

Үлгілік қағидаларға 12-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім Вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі                     

 

 

      С. Нұрбек