Институт туралы ақпарат

«Болашақ» ҒЗИ «Болашақ» университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде 2014 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Институттың негізгі мақсаты - іргелі ғылыми негіздер мен қолданбалы зерттеулерді дамыту болып табылады.

          Институт міндеттері мен қызметтері:

- Зерттеу орталықтарындағы ғылыми  жұмыстардың  сапасын көтеру, тақырыптарын кеңейту;

- Ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарының жоспарларын дайындауды  қамтамасыз ету;

- Бастамашыл ғылыми жобаларды ғылыми техникалық сараптау Ұлттық орталығында мемлекеттік тіркеуден өткізу;

- Зерттеу жұмыстарының жоғары ғылыми-техникалық және әдістемелік деңгейде жүргізілуін қадағалау;

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының есеп құжаттарын талапқа сай, сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

- Университет ғалымдарының ғылыми-техникалық жетістіктерін насихаттау шараларын жүргізу;

- Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін тәжірибеде қолдануды (өндіріске енгізуді) ұйымдастыру;

- Зерттеулер нәтижелерін Scopus және басқа халықаралық жүйелер мен ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті журналдарында жариялауға қолдау көрсету;

- Ғылыми іс-шаралар (семинар, дөңгелек стол, конференция т.б.)  ұйымдастыру;

- Оқытушы-профессорлар құрамын жарияланған гранттық және басқа конкурстар жайлы хабардар ету;

Институтты 2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ө. Өтесінов басқарды. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап ҒЗИ директоры- саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов, 2024 жылдан бастап а/ш.ғ.к, доцент Н.Б.Муханов басқарады.