Институт директоры
Мұханов Нұрлан Бөрібайұлы – «Болашақ» ғылыми-зерттеу институтының директоры
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.
1976 жылы Батыс-Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (Орал) үздік бітірген.
1983 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (Москва) аспирантурасын бітірген.
1976-1980 жж. – Сырдария ауданы СССР 50 жылдығы және Жамбыл атындағы совхоздарда мамандығы бойынша жұмыс істеген.
1980-1983 жж. - Еңбек Қызыл Ту орденді Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (Москва) аспиранты.
1983-1989 жж. – Қызылорда облагроөнеркәсіп комитеті, бас маман, Тереңөзек ауданы , ҚазССР 50 жылдығы атындағы совхоз, сүт кешенінің бастығы, Тереңөзек аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі (РАПО) төрағасының 1-орынбасары, ауданның бас зоотехнигі.
1989-1991 жж. – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты, аға оқытушы.
1991-2009 жж. – Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
2009-2017 жж. – «Болашақ» университеті, аға оқытушы, мұнай-газ, құрылыс және экология кафедрасының меңгерушісі.
2017-2020 жж. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Аграрлық технологиялар» кафедрасынының доценті.
e-mail: n.mukhanov@inbox.ru
Барлығы 121 ғылыми мақаланың, 3 патенттің авторы. 2002 жылы ЖАК шешімімен ғылым кандидаты дәрежесін (PhD) ізденушілерге ғылыми жетекшілік жасау құқығы берілген. Осы негізде бірнеше ғылым кандидаттарын дайындаған. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры.
2018-2020 жылдары БҒМ қаржыландырған (грант) «Характеристика по ДНК-маркерам продуктивно-биологических особенностей грубошерстных (мясосальных) пород овец Казахстана» атты жобаның ғылыми жетекші болды.
Н.Б. Мұхановтың мына кітаптары баспадан шыққан:
1. Токсикология негіздері. Оқу құралы. Қызылорда, 2024 ж.
2. Арал өңірі жағдайында мал шаруашылығын дамытудың селекциялық-технологиялық негіздері. Ғылыми монография. Қарағанды, 2024 ж.
3. Арғындар: алыптар мен арыстар. Тарихи-танымдық кітап. Қарағанды, 2024 ж.