KITAP FEST-2023

Енгізілді: 21.09.2023Өзгертілді: 25.09.2023Қаралғаны: 2236 рет

 

 

 

 

 

 

KITAP FEST-2023

 

Қызылорда облысының 85, аймақтың бас шаһарының 205 жылдығы аясында ұйымдастырылған  «KITAP FEST-2023» көрмесіне Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы да өз үлесін қосты.

Қаламгерлер аллеясында ұйымдастырылған кітап көрмесінде университет ұжымы өңірдің тарихынан сыр шертетін және отандық, әлемдік классик жазушылар мен ақындардың шығармалары мен ғылыми-танымдық бағыттағы оқулықтарды ұсынды.

Ерекше форматта ұйымдастырылған университеттің кітап көрмесіне облыстағы зиялы қауым өкілдерінің назары түсіп, қалалық маслихаттың төрағасы бастап, ақын-жазушылар, БАҚ саласының ардагерлері қоштаған топқа арнайы әкелінген кітаптар таныстырылды.